Болжалды сан есімнің жасалуы: (жұрнақтарын жаз, мысал келтір) даю 40 баллов ​
Ответ
5 (2 оценки)
1
kazbekovabakyt 3 года назад
Светило науки - 7 ответов - 0 раз оказано помощи

Ответ:

4. Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап көрсетеді. Сұрағы: қанша, неше, қай шамалы, қаншадан?  

Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары:  

а) жұрнақ арқылы: -лаған – жиырмалаған, -леген – елулеген, -даған – мыңдаған, -деген – жүздеген, -таған – қырықтаған, -теген – жетпістеген; -лап – жиырмалап, -леп – елулеп, бір-бірлеп, екеулеп, -дап – отыздап, -деп – жүздеп, -тап – алпыстап, -теп – жетпістеп; -дай – тоқсандай, мыңдай, -дей – екі жүздей, -тай – қырықтай, -тей – жетпіс бестей; т.б.  

ә) Есептік сан есімдерге көптік жалғауы мен барыс, жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Жасы қырық+тар-да, сағат алты+лар-ға шақырды, т.б.  

б) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Отыз-отыз бес, екі-үш, елу-алпыстай, жүз-жүзден, т.б.  

в) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: елу шамалы, он шақты, мың қаралы, жетіге таман, алпысқа тарта, отызға жуық, сексенге жақын, т.б.

Объяснение:

Салтанатты басқосуға үш жүздей мейман келеді деп күтілуде.

Арманның қасында бес-алты кісі қалған.

Остались вопросы?